24.01.2024, 15:15
Оқылды: 52

Оралда Қадыр туралы деректі фильм көрсетілді

Бүгін Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадырдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың қадыры» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

PHOTO-2024-01-24-12-31-51

Фильмді орталықтың тапсырысымен, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «AQJAYIQ» телеарнасы түсірген.

Жоба жетекшісі - Серік Тоқмамбетов. Режиссері әрі операторы - Алмас Әдиетов. Шығармашылық ұжымның құрамында журналист Гүлмира Тілеубаева, белгілі ақындар Айнабек Бисенғалиев пен Мақсат Тұяқ бар.

PHOTO-2024-01-24-12-31-50

Алғашқы көрсетілімдегі көрерменнің қатарында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов пен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов та болды.

PHOTO-2024-01-24-12-31-54

- Бүгін Қадыртану жұмысының аясында атқарылған тағы бір асыл іске куә болдық. ҚР Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Темірхан Медетбек, Сейфолла Оспан секілді қаламгерлер, профессор Ғарифолла Әнес, театр тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты азаматтар Қадекең туралы толғаныпты, тебіреніпті. Қазақ әдебиетінің алтын қорына сақтайтындай тамаша дүние шыққан екен. Бұл фильм – Қадырдың жоқтаушылары бар екенін дәлелдейді. Ақынға іздеусіз, сұраусыз қалудан артық жаза жоқ. Қадыр жыры ұрпақтар жадында жаңғыра берсін! - деді шара соңында сөйлеген Жұмагелді Жолдыбайұлы.

PHOTO-2024-01-24-12-31-49

Әкім Қадекеңнің елі атынан шығармашылық ұжымға алғысын айтып, сияпат тапсырды.

«Қазақтың қадыры» телетуындысы таяу арада «AQJAYIQ» арнасынан көрсетіледі.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Фотоға түсірген: Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале