13.01.2024, 11:01
Оқылды: 37

Оралда мәдениет майталманының мерейтойы өтті

Облыс орталығында жерлесіміз,​ ​Қазақстан Республикасының​ «Мәдениет қайраткері», еңбек ардагері, мәдениет майталманы Күләш​ Ильясованың 75 жасқа толуына арналған «Өнегелі өмір» атты мерейтойлық шара өтті.

IMG-20240112-WA0091

Аудан басшылығы да Бөкей ордасы ауданының мәдени даму жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Күләш Сабырғалиқызының еңбегін бағалап, айтулы күнді елеусіз қалдырған жоқ.

IMG-20240112-WA0092

Мерейтой иесіне «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп,​ төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар​,​ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данагүл Ғайнуллина аудан әкімінің алғысхатын да табыстады.

IMG-20240112-WA0093

Жерлестеріміз облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары​ А.Ғаббас, «Бөкейордалықтар» ҚБ​ төрағасы, жерлес​ Қ.Сабыров мерейтой иесін бөкейордалықтардың атынан құттықтап,​ құрмет көрсетті.

IMG-20240112-WA0089

Күләш апамыздың құрметіне арналған​ кеште әсем ән де, тамаша күй де тартылды.​ Тағылымды кеш бөкейліктердің әнұранына айналған​ ​Хабиболла Әлесовтың «Орда туған мекенім» әнімен аяқталды.

IMG-20240112-WA0090

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале