31.05.2021, 23:04
Оқылды: 136

Оралдық студенттер Жымпитыға келді

Орал қаласынан арнайы келген БҚУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев пен жастар ісі комитетінің жетекшісі Абылай Қонысбаев бастаған әр факультеттің белсенді студенттері аудан орталығындағы коворкинг жұмысымен танысты.

IMG_8727

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат аудандағы белсенді жастардың тыныс-тіршілігімен, жетістіктерімен таныстырып, студенттермен пікір алмасты.

IMG_8751 (1)

Одан соң аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы және Ж.Досмұхамедов атындағы мектептердің жас түлектерімен жүздесіп, еркін пікір алмасқан БҚУ-лық студенттердің ішінде осалы жоқ. Әр факультеттен, әр өңірден жиылған студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жастары бітіруші түлектерге студенттік өмірдің белсенділігін, БҚУ-дағы мүмкіншіліктер жайында сөз қозғады.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале