21.04.2023, 12:13
Оқылды: 30

Ораза айт мерекесі ұлықталды

21 сәуір күні мұсылмандардың төл мерекесі «Ораза айттың» алғашқы күнінде Казталов мұсылмандар мешітінде айт намазы оқылды. Аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев жамағатты, аудан жұртшылығын «Ораза айт» мерекесімен құттықтады.

айт

Мерекенің алғашқы күнінде «Айбын» спорт клубының және «Ақниет» діни қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарының арасында «Арқан тартыс», «Гір тасын көтеру», «Қол күресі» сынды спорт түрлерінен жарыс өтті.

FB_IMG_1682054871069

Нәтижесінде «Арқан тартыста» Бірлік ауылдық округінің командасы І орынға ие болып, Казталов ауылдық округі ІІ орын, «Жастар» құрама командасы ІІІ орынға тұрақтады. «Гір тасын көтеруде» Мейрам Гиляжев топ жарып, І орынға ие болса, Серікболсын Талғат ІІ орын және Медет Әліпқалиев ІІІ орыннан көрінді. Ал, білектің күші сыналған «Қол күресінде» Тұяқ Бақтыгерей жүлделі ІІІ орын, Жандосбек Құсайынов жүлделі ІІ орынға ие болып, бас жүлде Альберт Қайырбаевқа бұйырды.

FB_IMG_1682054873427

Осынау ұлық мерекенің ажарын айшықтаған ұлттық спорт түрлерінен сынға түсіп, жүлдеге ие болған азаматтар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале