19.05.2021, 15:06
Оқылды: 48

Оразадағы қайырлы іс

Садақаның, қайырлы істің ерте, кеші жоқ. Дегенмен оразадағы садақаның сауабы мол. Раушан Абдоллина басқаратын Бөкей ордасы аудандық қаржы және экономика бөлімінің ұжымы қайырымдылық жасады.

EA3E0401-F2EB-45C8-9127-80FB0412249A

– Пітір садақа береміз деп барып, ауылдасымыздың жағдайын көрген ұжым үлкен істі қолға алды. Бәрі жиналып, ауылдасымыздың үйін әктеп, тазалап, жинап, еденіне линолеум төсеп, тіпті төсеніш, төсек-орны мен терезе жабындарына дейін өздері апарып, жаңартып берді. Сол күні өздері қамыр дайындап апарып, ыстық тамақ жасап, дастарқан да жайды. Жұбайы науқастанып, үйде жалғыз қалған ағайымыз үшін көңілге демеу болғаны сөзсіз. Өздері жарнамаламаса да жан сүйсінерлік іс қой. Жақсының жақсылығын жариялап қойсаңыз. Өзгелерге үлгі болсын,- дейді Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале