25.06.2021, 9:42
Оқылды: 128

Ордадан олжалы оралды

19 маусым күні Бөкей ордасы ауданы, Сайхын ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Бөкей хандығының 220 жылдығына орай ерлер арасында волейболдан ауданаралық турнир өткен болатын. Аталмыш сайысқа Жаңақала, Ақжайық, Казталов, Қаратөбе, Жәнібек және Бөкей ордасынан екі команда қатысып, бақ сынады.

54D98AD5-9278-43FE-91B8-614540F1CAC5Қорытындысында өздерінің спорттық шеберліктерімен көзге түсіп, үздік нәтиже көрсеткен Жаңақала ауданының командасы I орынды жеңіп алып, Бөкей ордасы ауданы әкімі кубогына ие болды. Ал команда сапында өнер көрсетіп, топтан озып шыққан жерлесіміз Еламан Рахимов шебер спортшы екендігін дәлелдеп, «Үздік ойыншы» бағамына лайықты деп танылды. Барша жеңімпаздарға медаль, Бөкей ордасы ауданы әкімінің алғысхаты және естелік сыйлықтар тарту етілді.

Жаннұр Берікқызы

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале