1.06.2023, 15:45
Оқылды: 15

Орманды да қорғайды, газетті де оқиды

5 маусым — Табиғат қорғаушылары күні

Шыңғырлау аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі  мемлекеттік мекемесінің құзырындағы  Бұлдырты орманшылығы ұжымының хал-ахуалы бұдан төрт  жылғыдан әлдеқайда өзгеріп, жақсарған.

IMG-20230526-WA0149

Олай деп отырғанымыз, жалақылары мардымсыз,   қаңқасы  қалған  «Уаз» көлігінен өзге техника атаулы  жоқ  орманшылар жөнінде   аудандық «Сырым елі» газетінде (1.08.2019 жылы)  «Орманшылар жайлы кім ойлар?» атты көлемді мақала жарияланды. Міне, жазылған жайдан қорытынды шығарған тиісті сала басшылары тарапынан оларға биылғы жылдың сәуір, мамыр  айынан  жүйткіген «Уаз» көлігі, қара жерді солқылдататын  трактор беріліп, еңселері көтеріліп қалды. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде еңбек құлшыныстары артқан Бұлдырты орманшылығының басшысы Алтынай Ибрайымова, орман шебері Ермек Рахметов, орман күзетшілері Тайман Төреғалиев, Серік Қапсановпен кездесіп, пікірлестік.

IMG-20230526-WA0146

— Орманшылар орман алқабын, өзен-көлдерді, аң мен құсты қорғауда тынымсыз еңбек етуде. Сондай-ақ, жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай  орман алқабында алдағы күз айында жас көшеттер отырғызу үшін  266 гектар жер жыртылып жатса, 2024 жылға да 396  гектар жерді биыл жыртық,  әзірлеп қоймақпыз,- дейді Алтынай Ибрайымова.

Орманды да қорғап, жұмыстарын да жүргізіп отырған орманшылар  сәл қолдары босағанда, газет-журнал оқуға  көңілдерін бөледі.

Қазір баспасөзге жазылу науқаны қызу жүргізілуде.

Ал бұлдыртылық орманшылар  төл басылымдары аудандық «Сырым елі» газетіне биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ұжым болып жазылды.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале