7.06.2022, 9:30
Оқылды: 64

Орманды өрттен сақтайық!

Орманшылар өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғат байлығын сақтап қалу жолында қал-қадірінше еңбектенуде. Орман қорындағы өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары да олардың басты назарында.

11

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәуір-қазан айлары аралығындағы өрт қауіпсіздігі мерзімінің басталуына орай сенбі, жексенбі және мереке күндеріне кезекшілік кестесі бекітілген. Сонымен қатар ормандарда кезекшілік ұйымдастырылып, ауыл-аудандардағы шаруа қожалықтарына өрт қаупі туралы ескерту парақшалары таратылды. Елді мекендерде өрттің алдын алу бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, орман-тоғай аумақтарындағы 50 аншлаг, 15 панно жаңартылды. Өрт сөндіру бекетінде 10 адамнан тұратын өрт сөндіруші топ құрылды. Сәуір айында №20 өрт сөндіру бөлімі ауылдағы мекеме-ұйымдардағы қызметкерлерден құралған ерікті жасақшылармен бірге өртке қарсы жаттықты. Орман өрті орын алған жағдайда оны хабарлау сұлбасы жасалды.  Өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, басшылыққа алынды.

Барлық өңірде табиғи өрттерді уақтылы анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық мониторинг жасау туралы шарттар жасалды. Құзырлы құрылымдармен бірге жасыл желекті қорғау және орман өрттерінің алдын алу бағытында рейдтер ұйымдастырылуда. Табиғи өрттерді жедел анықтау үшін «Forest BSM Group» ЖШС-ның OrmanKZ мобильді қосымшасы арқылы жұмыстанамыз. Еліміздің ормандала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, мекеменің facebook парақ­шасында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Қалай болғанда да, жұмыр Жердің «өкпесі» – ағаштарды, өсімдіктерді өрттен сақтауымыз керек.

Жайлаубай Құттыбаев,

Ақжайық ауданы

Тайпақ орманшылығының орман шебері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале