20.09.2021, 15:34
Оқылды: 71

Өрт қауіпсіздігі – басты орында

Күн суып, көп адам үйлерінде жылу қосып жатыр. Осы ретте Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар әлі күнге дейін қатты отынмен үй жылытып отырған тұрғындар бар екенін ескерген төтеншеліктер рейдтік шараларды күшейтті.

IMG-20210920-WA0018

Жуырда Бәйтерек ауданының ТЖБ мамандары №22 және № 24 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Трекин, Переметный, Железнов ауылдарындағы тұрғын үй секторында рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның барысында азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлығы  117 үйді аралап 293 адамға нұсқаулық таратқан төтеншеліктер аталған жұмыстардың әлі де жалғасатынын айтады.

IMG-20210920-WA0020

 

 

 

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге де өрт қауіпсіздігі жайында түсінік жүргізуді қолға алған құтқарушылар аудан орталығындағы туризм және экология орталығында «Балалардың отпен ойнауы» атты тақырыптық кездесу өткізді. Шара барысында өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау және отпен ойнаудың соңы қайғылы оқиғаға алып келетіндігі түсіндірілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале