8.04.2022, 16:00
Оқылды: 28

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы теректіліктермен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында сайлау үдерістеріне бірқатар жаңғырту енгізу жөнінде тұщымды бастамалар айтқан болатын. Сол бастамаларды жүзеге асыру, енгізілетін өзгеріс-жаңалықтарды халықпен бірге талқылау мақсатында сапарға шыққан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Теректі жұртшылығымен кездесті.

36e2a28b-8e7f-48ba-b491-101f77efdca4

Сапарын Қызылорда облысынын бастаған төраға оншақты өңірді аралап шыққан екен. Қай жерде де осындай кездесулерге халық ықыласты қатысып, ұсыныс-пікірлерін айтып отырған. Теректі жерінде де дәл солай, еркін түрде өткен кездесуде Нұрлан Мәжитұлы қолданыстағы сайлау жүйесінің олқы тұстарын айтып, енгізілетін өзгерістер жайын да баяндады.

b478c63e-a00f-4b29-89bc-d239e1576924 (1)

Жиналған халық та сайлау үдерісіне немқұрайлы емес екен. Жаңғыртумен танысып та үлгерген. Сұрақ қойып, ұсыныстарын да айтты. Мысалы, Теректі аудандық мәслихаты хатшысы Әлжан Нұрғалиев сайланған ауыл әкімдерінің еңбек  қатынастары жайында сұрақ қойып, Орталық сайлау комиссиясының заң бөлімі басшысының орынбасары Мейрамбек Қаныбековтен толық жауап алды.

c01db871-56c5-4ecd-bebe-8f49399caa1c (1)

Былтыр өткен ауыл әкімдерін сайлауда Подстепное ауылдық округі әкімі болған Сержан Мәдиев сайлауға түсу тәжірибесі жайлы айта келіп, «Халық сайлаған әкімнің жауапкершілігі артады. Мен өзім соны анық сезіндім» - деді.

Жылы қарым-қатынаста өткен кездесу соңында Нұрлан Мәжитұлы «Қазірдің өзінде сайлау жүйесіне байланысты халықтан үш жүзге тарта ұсыныс түсті. Енді оларды талқылаймыз, жүйеге келтіреміз. Содан соң сайлау үдерісін жаңғыртуға кірісеміз» - деді.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале