10.05.2024, 13:00
Оқылды: 50

«Өшпес мұра» атты облыстық байқауы басталды

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйінде оқушылар арасында «Өшпес мұра» атты дәстүрлі әншілер байқауының шымылдығы ашылып, оған өңірдегі жеті ауданның жеткіншек өнерпаздары қатысып жатыр.

20240510121907_IMG_8160

Ұлтымыздың Ұлы өнерін ұлықтап, қаймағы бұзылмаған дәстүрлі ән-термелерді ғасырдан ғасырға жеткізген біртуар тұлға, дәстүрлі ән өнерінің ірі өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Батыс ән мектебінің негізін қалаушы, киелі Қаратөбе өңірінің тумасы, дәстүрлі әнші, термеші, жыршы Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жасқа толуына және   Ғарифолла Құрманғалиевтің ең алғашқы шәкірттерінің бірі, ірі ұстаздың ізін жалғастырушы, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің және Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, І дәрежелі «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Казталов ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Баян Қабиеваның 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.

 20240510121853_IMG_8158

Дүбірлі додаға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Дариға Мұштанова бас қазы болып төрелік етсе, айтыс ардагері, жергілікті сазгер, әнші-термеші - Сәрсенғали Бисенғалиев және «Ерен еңбегі» медалінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының  әншісі, Баян Құбайқызының төл шәкірті - Ернар Өмірәлі қазылар құрамынан табылды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале