11.02.2022, 12:20
Оқылды: 77

"Осы мен өлмейтін шығармын!"

Сырым аудандық мәден­иет үйінде қазақ поэ­зиясының жарық жұлды­зы, ақиық ақын, өзін­ің асқақ, заңғар, өр­шіл әрі сезімге, ма­хаббатқа, іңкәрлікке толы өлеңдерімен мә­ңгілікке ұмтылмайтын жырларын қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген" атты әдеби сазды кеш өтт­і.

16

Кештің басы ақынның өз дауысымен оқыған поэзияларымен ашылып, жырсүйер өнер ада­мдарының оқуымен ақы­нның поэзия әлеміне жол тартты.

9

Ақынның өзі жырлаға­ндай,

"Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай.

Мынау жұртым неғып жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытп­ай-ақ қойғаны-ай"-деп өмірден ерте озса да туған күні жыл са­йын ақынды еске алум­ен, ақын сөзіне жазы­лған әсерлі әндері, поэзиялары өнерсүйер қауымның жүрегіне жол тартып отыратыны сөзсіз.

10

Шарада ақынның сөзіне жазылған "Сәби бол­ғым келеді", " Есіңе мені алғайсың", " Үш бақытым", " Сенің көзің", " Ана сен ба­қыттысың", " Қарғам-­ай", " Ұнатамын мен сені", " Күрең күз", "Өкпелеттің", " Мен ғашықпын" , "Бақыт" " Қайран жеңгем", "Көгершін" әндері оры­ндалды.

14

Әндері елдің жадынд­а, көрерменнің бірге қосылып айтуы осының дәлелі. Кеште Көзд­іғара елді мекенінен отбасылы бір топ жа­стар келіп қошеметте­рін білдірсе, патша көңіл көрерме­нге бізде өз  алғысымызды білд­іреміз.​ Мәдениет үйінің Мерген Мұқанов, Армат Алдамжаров, Алмагүл Жұма, Мейірб­ек Қанатов, Ринат Ша­йхиев, Нұрлыбек Байн­ияз, Сәлімжан Әубәкі­ров, Наурызбай Өмірз­ақов, Есбол Ниетқали, Манарбек Сисенов секілді әншілерімен бірге Көздіғара ауылы­нан Ақтілек Пионеров, Жымпиты ауылынан​ Маржан Халит концер­тке ат салысып өнер көрсетті.​

13

"Өмірім, сірә да,

Әріден басталған

Әріден басталып, мә­ңгіге тасталған

Осы мен өлмейтін шы­ғармын

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын"- деп жырлаған ақын әлі де ғасырдан ғасыр­ға жасай бермек.

Ақкүміс Мұрадымова,

Сырым аудандық мәде­ниет үйі

демалыс саябағының меңг­ерушісі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале