Ислам мен Мақсат – облыс чемпионы
24 Маусым 2021

Ислам мен Мақсат – облыс чемпионы

Жайдарман - Жаңақалада
24 Маусым 2021

Жайдарман - Жаңақалада

БҚО әкімінің бірінші орынбасары
24 Маусым 2021

БҚО әкімінің бірінші орынбасары "Луч” Волжский жарық техникалық зауыты" ЖШҚ және "НПО Луч Каз Электро"ЖШС басшылығымен кездесті

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
24 Маусым 2021

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«Басты міндет – елге қызмет»
23 Маусым 2021

«Басты міндет – елге қызмет»

БҚО әкімінің бірінші орынбасары ҚР ҚК Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментінің бастығымен кездесті
23 Маусым 2021

БҚО әкімінің бірінші орынбасары ҚР ҚК Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментінің бастығымен кездесті

26.03.2020, 11:04
Оқылды: 246
«Отандық өнімдер неге қымбаттайды?» - дейді сырымдық кәсіпкерлер

Сырым ауданында сауда орындарындағы азық-түлік бағаларын бақылау жалғасуда. Кеше Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев, статисі Расул Вахитов пен БҚО кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалының кеңесші-менеджері Асхат Бисенғалиев аудандағы ең ірі округтер Бұлдырты мен Алғабаста болды.

dav

dav

 Бір ғана Бұлдырты ауылында онға тарта дүкен бар екен. Ауданнан барған өкілдер округ әкімі Ерлан Мақашевпен бірге дүкендердің жұмысымен танысып, азық-түлік бағаларына талдау жасады. Дүкеннің иелерімен кездесіп, нысандардың төтенше жағдайдағы жұмыс талаптарымен таныстырды. Сауда кезінде санитарлық талаптарды сақтауды да тағы бір мәрте естеріне салды. Топ түстен кейін Алғабас ауылында болды.

dav

dav

Наурыз айының ортасынан бері азық-түлік бағаларының көтерілгені, кейбір тауарлардың бағасында әлі де ауытқу бар екені жасырын емес. Халық сөрелерден бұрынғы бағаны іздейді. Ал дүкен иелерінің өз уәжі бар.

- Ұн және макарон сияқты ұн өнімдері қымбаттап кетті. Өзіміздің өңірден шығатын «Белес» ұнының бағасы шарықтап кетті. Бұрындары «Белестің» жоғары сортты ұнын ауылда 7 500 теңгеден сатсақ, қазір бұл баға Оралдың өзінде 8300 теңгеге жетті. Баға қымбат болғасын, ауылға әкеліп сата алмай отырмыз. Басқа басқа, осындай сындарлы уақытта отандық өнімнің бағасы неге қымбаттайды? – дейді бұлдыртылық кәсіпкер Мәлік Бисенов.

Тауардың бұл түріне тапшылық Жымпитыда да сезілуде. Жұрт арзандау деп бірінші сортты ұн іздеуде.  Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің статисі Расул Вахитовтың айтуынша, І сортты "Белес" ұны Жымпитыда тек "Өркен" дүкенінде сатылып жатыр.

Жағдайды реттеу үшін бөлім мамандары аудандағы дүкен иелеріне «Ақжайық» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорымен жұмыс жасауды ұсынуда. Қор арқылы кәсіпкерлер «Белес» ұнының келісін 111 теңгеден, ал «Мартин» ұнының келісін 116 теңгеден сатып ала алады. Сол сияқты «Белес» шемекі майының литрін 315, макаронның келісін 120, қанттың келісін 200, бір келі картопты 80 теңгеден алуға мүмкіндік бар. Бір шарт – саудагерлер бұл тауарларға өсімді белгіленген шекке дейін қоса алады.

Жалпы алғанда, аудан орталығы мен округтердің арасындағы тауарлар бағасы біркелкі,  анабір айырмашылық жоқ.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер