2.02.2022, 21:24
Оқылды: 89

Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

Теректі ауданындағы «Қазына» коворкинг орталығында «Nur Otan» партиясының БҚО филиалы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі көшпелі кеңес отырысы өтті. Жиынға Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, БҚО «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев пен бірқатар бөлім басшылары қатысты.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 22.09.37

Шараға келген кеңес төрайымы Ляна Тұрсынова мен ұйым мүшелері үш негізгі мәселені ортаға тастады. Теректі ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен немесе жұмыссыз әйел адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі мен отбасылық өмірде қиындық көріп жүрген әйел адамдармен жұмыстану жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А.Тасенова баяндама жасады.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 22.09.37 (4)

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры С.Байболатова мен аналар кеңесі ұйымының төрайымы А.Айтқалиева да бірлесе жасап жатырған жұмыстарын қоса кетті.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 22.09.37 (3)

Үшінші мәселе бойынша өткен жылдағы ескертулермен атқарылған істер хақында аудан әкімінің орынбасары А.Байғазиев сөз алды. Спорт, денсаулық, білім беру саласында жасалған және қолға алынып отырған жұмыстар туралы атап өтті.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 22.26.48

Сонымен қоса, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хусайнова да күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер, жаңа жиһаздарды беру мен балалар қауіпсізгі жайында пікір білдірді.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 22.09.37 (5)

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале