20.11.2022, 12:17
Оқылды: 45

Отбасымен дауыс берді

Казталов ауданыдағы №226 сайлау учаскесінде Бірік ауылдық округінің тұрғыны, үлгілі отбасы Әжіғалиевтер жанұясы өз таңдауын жасап, дауыс берді.

InShot_20221120_121633590

-Егемен еліміз үшін тұрақтылық пен тыныштықтан, татулық пен бірліктен асқан байлық жоқ. Қазақстанның қара ормандай халқы қашанда игі іске жұмылған жұдырықтай атсалысады. Міне, бүгінгі маңызды оқиғаға
азаматтарымыз бірауыздан қатысып, белсенділік танытуда. Еліміз өркендеп, ауданымыз, ауылымыз гүлдене берсін, - деген тілегін жеткізді.

Отағасы Есболат Әжіғалиев «Amanat» партиясының мүшесі. Аманат атты ұлдары оқу үздігі, үлгілі шәкірт. «Еліне пана болар, ел аманатын орындайтын азамат болсын деген ниетпен ұлымыздың есімін Аманат
қойдық», - дейді Есболат.

Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале