10.01.2018, 17:34
Оқылды: 76

Өз қаражатына ауылға фельдшерлік пункт салып берді

Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылында фельдшерлік пункт апатты жағдайда тұрған еді. Осы ауылға Қаратөбе су қоры көзінен Үшанаға дейінгі елді мекендерге су құрылысын жүргізушi «KazConstractionGroup» ЖШС директоры Мұратбек Мұханбедиев 6 млн. теңге өз қаражатына ауылға жаңа фельдшерлік пункт салып берді.

Аудан көлемінде тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету сынды қайырымдылық шаралары толып жатыр. Ол, әрине, мұқтаж жандардың бір қажетіне жарайтын ізгілікті шаралардың бірі. Ал қарапайым ауыл халқы үшін емделуіне қажет фельдшерлік пунктті жаңадан салып берген Мұратбек Мұханбедиевтің бастамасы көптеген елжанды азаматтар үшін үлгі-өнеге.

Қазір фельдшерлік пункттің қызметкерлері жылы әрі кең, тап-таза ғимаратта ауыл тұрғындарына жақсы қызмет көрсетуде.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухану жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасында кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерін туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек деген болатын. Елжанды азаматтың ауыл халқына деген адамгершілігі құрметке лайық.

Аман ЖҮСІПҚАЛИҰЛЫ,

Үшана ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале