5.06.2022, 9:36
Оқылды: 62

Өз таңдауларын жасауда

Шыңғырлау ауданында таңғы сағат 7.00-де барлық референдум учаскелерінде дауыс беру басталды. Аудан бойынша 19 референдум учаскесі бар, онда 101 учаскелік және 7 аумақтық референдум комиссия мүшелері аудан көлемінде референдум жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысуда. Оған 34 саяси партиялар мен Қазақстан Республикасындағы басқа ұйымдардың өкілдері қатысып, референдумның өту барысын бақылауға атсалысып отыр.

IMG-20220605-WA0093

«Референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімі уақытылы басталып, еш кедергісіз жүріп жатыр. Кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Шыңғырлау ауданы бойынша барлығы 8789 дауыс беруші тізім бойынша тіркелді», - дейді аудандық референдум комиссиясың төрағасы Н.Қалиев.

«Қарағаш ауылдық округі бойынша 3 референдум учаскесі бар. 341 адам маңызы зор саяси науқанда дауыс беру құқығына ие. Жалпы дауыс беру заңнамаға сәйкес өтіп жатыр, ешқандай заң бұзушылық әзірге тіркелмеді», - дейді №412 референдум комиссиясының төрағасы, Қарағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қалап Мусин.

Иа, референдум басталғанына тек бірер сағат өтті. Сондықтан, еліміздің болашағы үшін маңызы зор саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале