8.04.2024, 10:58
Оқылды: 34

Өзен жағасы нықталып, бөгеттер салынуда

Бәйтерек ауданында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда ауыл маңынан өтетін Жайық өзені жағасын нықтау, бөгет салу жұмыстар алты ауылдық округте атқарылып жатыр.  Бұл жұмыстарға 50-ге жуық техника, 400-дей адам күші тартылған. Сол ауылдық округтардың ішінде Көшім де бар.

аксу

        Аталмыш округінде алты елді мекен болса, соның Ақсу ауылы Жайықтан таяқтастам жерде орналасқан. Егер Ресейеден мол су келіп, өзен деңгейі көтерілсе, бұл елді мекенді су басу қаупі бар. Айта кетейік, өзен деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Мәселен, Көшім ауылы маңындағы Жайықтың деңгейі кеше, яғни 7 сәуірде 634 см болса, 8 сәуірдегі таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша 651 см-ге жетті, шекті мөлшер 850 см. Бір түннің ішінде өзен суы 17 сантиметрге жоғарылаған.

аксу1

Соған орай өткен апта соңында ауылмен екі ортаға бөгет салу жұмыстары басталды. Биіктігі 2, ені 1,5 метр болатын бөгеттер сондай-ақ ауылдың оңтүстік, батыс жақтарына да салынады. Себебі арнасынан шыққан су лимандарға жайылып, ауылға қарай бағытталуы мүмкін. Ауыл әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, аудан басшылығының, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының көмегімен  техника мен қол күштері келіп, жұмыс қарқынды жүруде.

-Ақсу ауылында 60 үй бар, онда 220 адам тұрып жатыр, оның 53-і бала. Тұрғындардың бәріне жазбаша ескерту берілді. Егер қауіп төнсе, ақсулықтар Көшім ауылындағы эвакуациялық пунктке көшіріледі. Көшім орта мектебінде орналасқан эвакуапункт дайын тұр. Бірінші кезекте балалар, егде адамдар мен мүгедектігі бар жандар көшіріледі. Малдар да қауіпсіз жерге айдалатын болады. Күн сайын ауыл тұрғындарының вацаптағы чатына күнделікті жағдай, балалар мен малға бақылау жасау туралы айтылып ескертілуде. Жалпы бұл жұмыстар аудан әкімі мен аудандық төтенше жағдайлар штабының тұрақты бақылауында,-дейді Ауған Ғарифоллаұлы.

 

Сәкен МҰРАТҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале