БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Өзіңе де, өзгеге де қауіп төндірме

Бүгін Теректі ауданының баспасөз қызметі алаңында ауданның төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық қорғау майоры Жарас Көпжасаров болды.

451EC899-1F2A-42F5-8416-AB6BB40160C6

Аудандық газеттің фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей таратылған түсірілімде Теректі аумағындағы өрт-жану оқиғалары, қызыл су кезінде қабылданған шаралардан бастап бірқатар мәселелер жайы сөз болды.

Сұхбатты жүргізген аудандық газет редакторының сауалдарына толық жауап берген Жарас Көпжасаров жаздағы қос қауіп – от пен суға ерекше тоқталды.

Орман-тоғайлы Теректіде жаздай демалушылар көп болады. Жергілікті халық өз алдына, алыстан арнайы келіп демалатындар бар. Әсіресе Шалқар көлі жағасына үлкен де, кіші де ағылады. Ол жерде судан құтқару қызметі ұйымдастырылған. Дегенмен күні кеше қайғылы оқиға болып, 8 жасар ұл суға кетті. Оған себеп – ата-ананың жеткілікті қадағаламауы. Және демалуға көлге барған отбасы сол күні жарияланған «қатты жел болады» деген хабарламаны елемеген. Арты қаралы жағдайға соқтырды.

Осы жайтты айтқан Ж.Көпжасаров тек судан емес, оттан да сақтану керегін баса айтты. Өткен жылы Шағатай округінің Қызылжар ауылы мағында 9 гектар жер өртенгені бар. Биыл алты ай ішінде ауданда 9 өрт оқиғасы, 5 құрғақ шөп пен бұталар жануы  тіркелген. Иіске уланғандар, күйікке шалдыққандар болған жоқ. Десек те, табиғатқа да, адамға да келген шығын қомақты. Сондықтан ТЖБ бастығы:

-Қыста боран-аяздан қорғану, жылыту қондырғыларын қолдану жайын үй аралап жүріп түсіндіреміз. Көктемде қызыл судан сақтану, жазда өрт пен суға шомылу ережелері жазылған жадынамалар таратамыз. Аудандық басылым арқылы да қауіпсіздік ережелерін қаперге салып отырамыз. Бірақ, бейқамдыққа салынған, ережелерді құр сөздей көретін адамдар бар. Сондай жандар өз өміріне де, өзгенің өміріне де қауіп төндіреді. Зияны табиғатқа тиіп, қаржылық та шығын болып жатады. Бүгінгі ашық алаңды пайдаланып, барлық теректіліктерді қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырамын,- деді.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале