23.02.2022, 22:18
Оқылды: 47

Парламент Мәжілісінің депутатымен кездесті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында  "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша БҚО-дан ҚР Парламенті Мәжілісіне сайланған депутат Мәлік Құлшардың "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестердің мүшелерімен кездесуі өтіп, оған "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев төрағалық етті. 
IMG-20220223-WA0118

-Үстіміздегі жылғы 28 қаңтарда өткізілген "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев партияның төрағасы ретінде елімізді одан әрің жаңғырту бойынша бірқатар нақты мақсаттарды белгілеп, осы бағытта "Nur Otan" партиясының алдына көптеген ауқымды да күрделі міндеттер қойды. Осыған байланысты барлық партия мүшелеріне, әсіресе орталық және жергілікті өкілді органдардың депутаттарына жұртшылықпен кездесулер өткізіп, оларға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен "Nur Otan" партиясының ұстанымдарын түсіндіру және алда тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен іс-әрекеттер жүргізу міндеттері қойылуына байланысты Парламент депутаттары өңірлерге шығып, жергілікті халықпен кездесулер өткізуде. Осы тұрғыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар ауданымызға келіп, өздеріңізбен жүздесіп отыр, - деген Біржан Қайырғалиұлы сөз кезегін қонаққа берді.

IMG-20220223-WA0108

-Қаңтарда өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында орын алған "қаңтар қасіретіне" өзінің бағасын берді. Барлық билік тұтқасын толыққанды өз қолына алды. Елбасының қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқаруға қатысты заңның күші жойылды. "Қаңтардағы қасіретке" байланысты қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтылды. Батыс Қазақстан облысында митингке шыққандар бейбіт түрде тарап, ешқандай бүліншілік болған жоқ. Ал Алматы қаласында көптеген ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандар қиратылып, көліктер өртелді. Алдағы наурыз айында Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланады деп күтілуде. Сонда бірқатар мәселелер жан-жақты қамтылатын шығар, - деді Мәлік Иманқұлұлы.

IMG-20220223-WA0115

Кездесуде сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудан әкімі Азамат Сафималиев республикалық маңыздағы жол, киік, электр желілерінің тозуы сынды мәселелерді депутат назарына ұсынып, сонымен бірге ауданда биыл атқарылуы тиіс жұмыстарды да атап өтті.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

А. Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале