14.06.2017, 17:44
Оқылды: 72

Парламент Сенаты депутаттығына үміткер жаңақалалықтармен кездесті

 Janakala senator  Сейсенбі күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат Нариман Төреғалиев Жаңақала аудандық мәслихаты депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлермен кездесті.


   Басқосуда үміткердің сенімді өкілі Нұрлан Мақатов Н.Төреғалиевтің өмірбаянына тоқталып, жан-жақты таныстырып берді. Сенатқа үміткер алдағы сайлау алды бағдарламасына тоқталып: «Мен ауылда қарапайым малшы болып еңбек жолымды бастап, дәл осы жерден әкімшілік тәжірибемді жинақтаған жанмын. Сондықтан маған ауыл-аймақтың жай-жапсары, қордаланған мәселесі жақсы таныс. Егер де алдағы 28 маусымда өтетін сайлау науқанында ҚР Парламенті Сенатына депутат болып сайлансам, ауданның ауылшаруашылығының аграрлық секторымен қатар, денсаулық, білім беру салаларын дамытып, аймақтағы қоршаған орта мен экология мәселелерін оңтайлы шешуге Сенат депутаты ретінде бар ынта-жігерімді саламын» - деп, жиналған депутаттар қауымын сендіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

       Жиында аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали аудандағы  су тапшылығы жөнінде мәселе көтерсе, ардагер Қ.Текебаев жыл сайын су аз мөлшерде келгендіктен Қамыссамар көлдері құрғап қалғанын, су қорын Ресейден алатын Қара өзен мен Сары өзенге су жіберу көздерін қарастыруды сұрады. Ал ардагерлер жағы газ бағасының қымбаттығын тілге тиек етті. Қазіргі таңда аудан тұрғындары табиғаи газ желісін көршілес Атырау облысы арқылы тұтынып отыр. Атырауда газдың бағасы бізден әлдеқайда төмен. Сондықтан билік тарапынан газдың бағасына бақылау қойылса екен деген ұсыныстарын жеткізді. Аудандық депутаттар корпусы Н.Төреғалиевті қолдап, оған зор үміт артатындарын жеткізді.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале