24.07.2020, 12:04
Оқылды: 149

Партия бастамасы қолдау тапты

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен қолға алынған «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» акциясы Жаңақала ауданында жалғасын тапты.

2F747F75-6B72-4F6B-B25C-E96A467035BF

Акцияның негізгі мақсаты – Covid-19 дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынас жасап, қауіпте жүрген дәрігерлерге қымыз бен саумалды күн сайын тарту етіп, иммунитеттерін көтеріп, бүгінгі күннің батырларына қолдау көрсету.

EB8433D4-3209-4AE3-98D3-D949E4B4EA59

Акцияны қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен аудандық «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы еріктілері аудандық аурухананың медициналық қызметкерлеріне қымыз жеткізіп берді. Аталмыш акция әрі қарай жалғасын табатын болады.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

 Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале