22.06.2022, 14:30
Оқылды: 155

Партия белсенділері марапатталды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен жиын өтті.

 Партия белсенділері (9)

Жиынның күн тәртібі жуырда өткен жалпыхалықтық референдум кезінде конституциялық өзгерістерді түсіндіруге атсалысқан партия белсенділері мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін марапаттауға арналды. Аудан әкімі елдегі өзгерістерге атсалысқан партия белсенділеріне алғыс білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттарын табыс етті.

Партия белсенділері (11)

Президенттің алғыс хатымен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов, партия ардагерлері Мәулен Қожахметов, Халық Наурзалин, аудандық мәслихат депутаттары Айгүл Айтқалиева, Айгөлек Андирова марапатталды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хатымен «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторы Серікбай Хасанов және мәслихат депутаттары Ирина Классен, Гүлмира Тлеуғалиева марапатқа ие болды.

Сондай-ақ жастар арасында референдум кезінде белсенділік танытқан «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының  кеңесшісі Еркебұлан Батеновке де партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың алғыс хаты мен партия билеті табыс етілді.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале