28.02.2020, 10:00
Оқылды: 95

Партия күніне орай футболдан жарыс өтті

Сырым аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде  «Nur Otan»  партиясының Сырым аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз –Партия күніне арналған шағын футболдан бастауыш партия ұйымдары арасында аудандық турнир өтті. Мұндай турнир биыл екінші рет өткізілді.

futzal (3)

Жарысқа «Аралтөбе ауылдық округі», «Айбын», «Аудандық аурухана», «Жетікөл», «Көздіғара», «Қайсар», «Қособа ауылдық округі», «Сарой ауылдық округі», «Талдыбұлақ ауылдық округі», «Шолақаңқаты ауылдық округі» командалары қатысты.

futzal (1)

Жарыстың ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев,   аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық филиалдың жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның төрағасы Саламат Иманғалиев, Сарой ауылдық округінің әкімі, Шағырлыой бастауыш партия ұйымының төрағасы Айбол Жакиев қатысып, сөз сөйледі.  А.Жакиев «Nur Otan» партиясына мүшелікке өткен  Сарой ауылдық округінің тұрғындары  Ақтілек Пионеров,  Руслан  Нұржанғалиев,  Қуандық Мұратовқа партия билеттерін табыс етті.

futzal (2)

Тартысты өткен ойын нәтижесінде бірінші орынды Көздіғараның теңбілдопшылары жеңіп алды.  Екінші орынды «Қайсар» командасы, үшінші орынды «Аудандық аурухана» иеленді.  «Сарой ауылдық округі» командасы жеңіске деген жігерлігі үшін марапатталды.  Руслан Нұржанғалиев «Ардагер ойыншы», Қуандық Мұратов «Үздік ойыншы», Бекзат Бекниязов «Үздік шабуылшы», Райымбек Бержанов  «Үздік  қорғаушы»,  Ғаділет Орынбай «Үздік қақпашы» атанды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале