17.01.2023, 14:30
Оқылды: 33

Партия төрағасы сайланды 

“AMANAT” партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX конференциясы өтті. 

IMG-20230117-WA0009

Конференция жұмысына “AMANAT” партиясы  Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, партия ардагерлері қатысты.

IMG-20230117-WA0007

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алғашқысы - “AMANAT” партиясы Теректі аудандық филиалының 2022 жылы атқарылған жұмысы және алдағы міндеттері. Бұл  жөнінде партияның жергілікті  филиалының атқарушы хатшысы  Мирхат Ибраев баяндама жасады.

Әрі қарай, күн тәртібі бойынша, аудандық филиал төрағасын сайлау қаралды.  Конференция делегаттары “AMANAT” партиясы Теректі аудандық филиалының төрағалығына Мирхат Ибраевтың кандидатурасын ұсынды. Партия ардагері Қайыржан Ахмадиев, аудандық мәслихат депутаты Сержан Идиятов, “Теректі” бастауыш партия ұйымының төрағасы Арман Сағидоллин кандидат жайында жылы пікірлерін ортаға салды.

Осы жерде кандидатура дауысқа салынып, Теректі аудандық мәслихаты хатшысы Әлжан Жақсыгерейұлы «Дауыс беру нәтижесінде Мирхат Ибраев “AMANAT” партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы болып сайланды» деп хабарлама жасады.

IMG-20230117-WA0008

Конференция жұмысына қатысуға арнайы келген “AMANAT” партиясы  Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Бекболатұлы партия жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар жандарға алғысын білдірді.  Ол партия төрағасы Ерлан Қошановтың атынан "Құрмет грамотасын” Балхаш Шунышқалиеваға, партияның  облыстық филиалы төрағасы Мұрат Мұқаевтың алғысхатын Гүлсім Ерешеваға  табыстады.

IMG-20230117-WA0006

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале