15.10.2021, 14:15
Оқылды: 67

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

“Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

7D3C8B8D-934F-45B9-B263-288A383AF2A7

Аталған жиынға аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қылыш Жазықбаев төрағалық етті.

Отырыстың күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы орындалмай қалу қаупі бар жобалардың жай-күйі туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ерсайн Шаимбетовтың баяндамасы тыңдалды. Ал аудандағы өзекті мәселелердің бірі - бағусыз жүрген мал иелеріне қолданылып жатқан шаралар туралы екінші мәселеге сәйкес Ащысай ауылдық округінің әкімі Досхан Шотпанов және Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мади Сатыбалдиев баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Жиын соңында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тағаниязов қаулы жобасын таныстырды.

Комиссия төрағасы Қылыш Жазықбаев баяндамашыларға хаттамалық тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале