10.08.2021, 11:18
Оқылды: 64

Партиялық бақылау жалғасуда

Жуырда "Nur Otan" партиясы партиялық бақылау мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар, БАҚ өкілдері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы Бәйтерек ауданы Калинин ауылындағы  "Мұнайшы" шағын ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтарға пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйге қатысты өзекті мәселелеріне құлақ түрді.

IMG_6240

Кездесу барысында бақылаушылар тұрғындардың уәждерін тыңдап, нендей мәселелер алаңдататынын білді. Нақты шағымдар мен олқылықтар туындаған жағдайда жауапты мердігерге қалпына келтіру жөнінде ұсыныс берілетіндігі тұрғындарға жеткізілді. Аталған мәселе партия бақылауында болады.

М.Николаев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале