14.12.2020, 12:26
Оқылды: 31

Патриотизм партадан басталады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бәйтерек ауданаралық әділет басқармасының мамандары Камен орта мектебінің оқушыларына арнайы тәрбие сағатын өткізді. 

5A9FB5A2-7DB1-41F9-A1CD-576B6BBB3F88

Бостандық  жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін өнеге етіп, тарихымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау және Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы жайында ақпарат беру мақсатында оздырылған шара оқушылардың қызығушылығын оята алды.

Сабақ барысында рәміздер төңірегінде әңгіме өрбітіп, түрлі тақырыпта сұрақтар қойған мамандар оқушыларға елімізді жаңа қырынан көріп, білімдерін толықтыруға мүмкіндік жасады.

Сондай-ақ балалар өлеңдерін оқып, туған ел тақырыбында әндерін шырқады.

Сабақ соңында оқушылар мен сынып жетекшісі қызықты тәрбие сағатын өткізген басқарма қызметкерлеріне ризашылығын  білдірді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале