9.11.2021, 15:27
Оқылды: 122

Патриоттық әндер шырқалды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақсуат ауылдық округінде «Тәуелсіздік— айбыным»  атты оқушылар арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

9

Шара барысында сөз алған  Ақсуат ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Саттар Хайритденұлы жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Қатысушыларға Ақсуат ауылдық округ аппаратының бас маманы Бахтияр Дәулетұлы, «Жұлдыз» бөбекжайының әдіскері, музыка пәнінің мұғалімі Нұржамал Айтқалиқызы және ауыл тұрғыны, жас буын, волонтер Әлібек Кенжебекұлы төрелік етті.

7

Әділқазы алқасы жас өрендердің әннің жанды дауыста  шырқалуына, сахна мәдениеті мен дауыс ырғағына баға берді. Қатысушылар Диана Бисенова “Родина моя Казахстан” , Айзере Нариман “Біз бақытты баламыз” , Алихан Тұрар “Қазақстаным” , Анель Диканова “ Тәуелсіз — ел ұраны” , Жаннұр Есетова “ Туған жер”, Өркен Меңжан “Батырлар ұраны” , Жаннұр Аманбаева “Отан” , Ерсан Мереке “Қазақстаным” , Қасиет Мұхамет “Отан”, Аяжан Қамидуллиева “Самға”, Мадина Қамидолла, Замира Ерболат  және Жадыра Есетова “Тәуелсіз қазақтың қызымын”  әндерін шырқады.

6

Байқау нәтижесінде, кіші топ бойынша Диана Бисеноваға 1 орын, Анель Дикановаға 2 орын, Айзере Нариманға 3 орын бұйырды. Ал орта топ бойынша 1 орынды Аяжан Камидуллиева, Ерсан Мереке 2 орын, Мадина Қамидолла 3 орынды иеленді.

Мейрамгүл Сарсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале