29.11.2023, 17:31
Оқылды: 40

Педагогтар чемпион атанды

25-26 қараша күндері Оралда Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру педагогтары арасындағы спартакиада өтіп, сырымдық педагогтар спорт жарысында тамаша нәтижелерге қол жеткізген.

Мұғалімдер фото

Атап айтсақ, баскетболдан Сырым ауданының командасы қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Торға доп тоғытуға келгенде біздің ұстаздар әуелден шебер-ақ.

Сондай-ақ Ерлан Шоқанов «Сұр мерген» аталымына ие болса, футзалдан Нұрлыбек Сұлтанов «Үздік ойыншы» атанды.

 

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале