16.01.2023, 11:00
Оқылды: 55

Педагогтар мен кіші қызметкерлер Қадыр жырларын оқып жарысты

Сырым аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ қызметкерлері арасында аудандық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Байқауда 20 бастауыш кәсіподақ ұйымынан 45 қызметкер, яғни, аудан мектептерінің педагогтары мен кіші қызметкерлері бақ сынады. 

IMG-20230116-WA0013

Шараның ашылуында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет қатысты.

IMG-20230116-WA0012

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқитын «Сөздің бәрі құдіретті...» бөлімі бойынша бас жүлдені — Ш.Ажигалиева (Ж. Досмұхамедов атындағы ОМББК), «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бөлімі бойынша бас жүлдені С.А.Каримов (Абай ОМББК), «Кейбір жырым дән ұшырып қырмаңда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» бөлімі бойынша бас жүлдені — А.С.Серікқали (А.Жұмағалиев атындағы ОМ) иеленді.

IMG-20230116-WA0011

Барлық қатысушыларға алғысхат және қаржылай сыйақы берілді.

IMG-20230116-WA0009(1)

IMG-20230116-WA0008

Ләззат Тапаева,

Сырым аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале