28.10.2021, 11:47
Оқылды: 65

Педагогтар шеберлігін шыңдады

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінде  «Қосымша білім беру жүйесін педагогикалық білім берудің заманауи трендтері негізінде жетілдіру» атты аудандық сәндік-қолданбалы және эстетикалық шығармашылық семинары өтті.

15

Семинардың мақсаты — педагогтердің назарын  білім берудің заманауи трендтеріне аудару, аудандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші инновациялық технологияларды меңгерту, қолданбалы және эстетикалық үйірмелерді дамыту жолдарын айқындау.

Шара барысында  БШҮ директорының м.а. Ә.Абылайқызы  сөз алып, семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, үйірме жетекшілері шеберлік сыныптарын өткізді. Атап айтсақ, «ZhaikStar» үйірмесінің жетекшісі Н.Қәдірғалиев «7 шагов» тренингін өткізді. «Гамбит » үйірмесінің жетекшісі А. Сейтенов «Влияние шахмат на логическое мышление», «Сиқырлы саусақтар» үйірмесінің жетекшісі А.Есенбекова «Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдар» тақырыптарында шеберлік сағатын көрсетті.

«Шеберлік қаласы» үйірмесінің жетекшісі С.Құбашева «Знакомство с векторным графическим редактором Corel Draw» тақырыбында баяндама жасаса, «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Ү.Орынғалиев қосымша білім беру педагогтеріне сыныптан тыс шара өткізді. Ал БШҮ әдіскері Л.Мұханованың ұйымдастыруымен «Менің оқу бағдарламам» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді.

Балнұр Қуанышқызы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале