7.05.2025, 10:00
Оқылды: 57

«Пейнтболдан» кім мықтыны анықтады

Жақында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының жастары арасында «Пейнтбол» ойынынан турнир өтті. Аталған ойынды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қолдауымен, «АПР Қазақстан» ЖШС-ның директоры Салауат Есеновтің демеушілігімен ұйымдастырды.

пейнтбол (3)

Шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай әскери патриоттық бағыттағы жарыс ретінде оздырылды. Ойын алдында БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Аңсар Ибраев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Толқын Хадышова сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Аталған жарысқа Орал қаласы мен Бәйтерек, Шыңғырлау, Бөкей Ордасы, Теректі, Тасқала, Сырым аудандарының командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Командалардың құрамында әр ауданның «Таза Қазақстан жалпыұлттық акциясының еріктілері, жұмысшы жастар мен ЖРО қызметкерлері бар.
Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Бәйтерек ауданының «Байқоныс» командасы қарсыластарын шаң қаптырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының жастарынан құралған «Алаш» пен Шыңғырлау ауданының «Chicago» командалары ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Сонымен қатар жарыс барысында ерекше ойындарымен көзге түскен шыңғырлаулық Мирас Айболатов «Ең үздік мерген», оралдық Мейрам Мұхтаров «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымдарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале