11.08.2022, 12:16
Оқылды: 93

Пішенді малға айырбастауға болады

Шөпшілер шалғынға орақ салғалы қолына мал ұстайтын ағайын пішен бағасы өсіп кете ме деп алаңдаулы. Осыған орай,  Теректі ауданының белсенді азаматтары үндеу жариялап,  шөп бағасын асыра көтермеуге шақырған болатын.

12

«Мал азығын дайындауға кететін шығынды, соның ішінде шөпшілерге төленетін еңбекақы, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер және т.б  қосымша шығындарды ескере отырып, 10 центнер шөптің бағасы 18 400-20 000 теңге болу керек деп есептеп отырмыз. Сондықтан шөп сатумен айналысатын барлық  шаруашылықтарды биыл осы баға межесінен аспауға шақырамыз» делінген үндеуге қожалық басшылары құлақ асып, 300 келілік бума шөптің бағасын 4000-5000 теңге шамасында ұстап отыр.

11

Округтердің денінде  бір бума шөп 4000-5000 теңге шамасында. Теректі округіндегі «Сүйін ұрпағы» қожалығының басшысы Ертарғын Менешов  бума пішенді  5000 теңгеден сатады. Ең арзан шөп – Шалқар мен Шағатайда!

13

Шалқарда бума пішен 3500-4000 теңгеден. Көп мөлшерде алсаңыз, көтерме бағасы 3500 теңгеден. Сондай-ақ мал азығын малға ауыстырып та сатады екен.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале