8.06.2020, 15:08
Оқылды: 36

Подстепный ауылдық округінің әкімі 20 газетке жазылды

Баспасөзге, соның ішінде Теректі аудандық "Теректі жаңалығы" газетіне де жазылу науқаны қызу жүруде.

Akim

Осы орайда жақында Новопавлов ауылдық округінің әкімі өз қаражатына округіндегі ардагер, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыға газет жаздыртып беріп, рухани демеушілік жасаған еді.

Енді мұндай жарқын істі Подстепный ауылдық округінің әкімі Сержан Мәдиев қолдап әкетіп, аталмыш басылымның 20 данасына жазылды. Сөйтіп, қос әкім төл басылымға жазылу уақытында белсенділік танытып, өзгелерге бастамашыл іс-әрекеттерімен үлгі бола білді.

Ендеше, аудандағы басқа ауыл әкімдері де игі істен құр қалмас деген ойдамыз!

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале