15.03.2022, 18:20
Оқылды: 158

Подстепныйлықтар бірінші орынға ие болды 

Теректі аудандық мәдениет үйінде «Ата салтым — асыл мұрам» атты шара өтті. 

IMG-20220315-WA0075

Ұлттық  құндылықтарымызды, дәстүрімізді дәріптеуді мақсат тұтқан өнер додасына 15 ауылдық округтің тұрғындары қатысып, бақ сынады.

IMG-20220315-WA0066

Әділқазылардың құрамында аудандық Достық үйінің директоры Гүлмира Қошанова, мәдениет саласының еңбек ардагері Гүлнар Әубәкірова, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Айгүл Қайровалар болғанын айта кеткен жөн.

IMG-20220315-WA0062

Шара барысында сөз алған Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы директоры Арман Сағидоллин  қатысушыларға жылы лебізін арнады.

IMG-20220315-WA0065

Әр ауылдың атынан келген қатысушылар «Бесікке салу»,  «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Ерулік беру», «Тоқымқағар», «Сүндетке отырғызу», «Сырға салу», «Табалдырық аттау», «Түйе мұрындық», «Ақсүйек», «Бастаңғы», «Енші беру», «Беташар», «Абысын ас», «Атастыру» сынды салт-жоралғылар көрсетті. Сонымен қатар ұлттық тағамдарды ұсынып, өнерден шашуларын да шашты.

IMG-20220315-WA0070

Сайыс нәтижесінде, Подстепный ауылының өнерпаздары дайындаған көрініс үздік деп танылып, 1-орынға ие болды. Жүлделі 2-орынды новопавловтықтар, ал үшінші орынды приречныйлықтар иеленді.

IMG-20220315-WA0069

Барлық қатысушыларға алғысхат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале