15.05.2017, 10:46
Оқылды: 36

Полицейлер сенбілікке шықты

Taskala ozinnen   Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің ұжымы "Өзіңнен баста!" акциясын ұйымдастырып, Деркөл өзенінің жағалауын көң-қоқыстан тазартуға атсалысты.


     - Біздің бүгінгі акциямыз ҚР полициясының 25 жылдығына арналады. Бұл туған жеріміздің гүлденуіне қосқан үлесіміз деп біліңіз. Сондықтан осы үрдісті жыл сайын жалғастырып отыратын боламыз, - деді өз сөзінде аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы А.Сары.

     Аталмыш акцияны алғаш болып қолға алған Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері эстафетаны аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөліміне жолдады.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале