5.05.2023, 14:45
Оқылды: 116

Премьер-министрдің орынбасары Теректіге келді

Бүгін Теректі ауданына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов іс сапармен келді.

IMG-20230505-WA0041

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қонақтарды қарсы алып, ауданның жәй-күйімен таныстырды. Ең алдымен Алтай Сейдірұлы спорт алаңында халықпен жүздесті.  Кездесу барысында тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен тұрғын үй алу, жеке кәсіп ашу, ауыз су, жол, жер жетіспеушілігі секілді мәселелерді қозғады. Сауалдарды тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов алдағы уақытта қарастыратынын жеткізді.

IMG-20230505-WA0040

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы «Halyk bankпен» бірге «Қарыссыз қоғам» атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинарын бастаған болатын. Бұл оқуды «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту қауымдастығының эксперті Алмагүл Исмағұлова жүргізді.  Семинарға қатысқан шәкірттерге Алтай Сейдірұлы оқығандығын растайтын сертификаттарын табыстады.

IMG-20230505-WA0043

Одан әрі  іргетасы қаланып жатқан аурухана құрылысымен танысты. Ауданның тыныс-тіршілігіне қаныққан Алтай Көлгінов айтылған мәселелер жауапсыз қалмайтынын тілге тиек етті.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале