5 маусым күні ел үшін маңызды республикалық референдум өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінде сайлау учаскелерінде бақылаушылар бекітілген еді.
Сырым аудандық сайлау учаскесінің бірінде әріптесіміз, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев та өзіндік үн қосқан болатын.
Конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын Сырым аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев қаламгерге табыс етті.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz