12.11.2021, 22:28
Оқылды: 63

Прокуратура ардагеріне лайықты құрмет көрсетілді

Бүгін Қаратөбе ауданында ел Тәуелсіздігінің және Батыс Қазақстан облысы Прокуратурасының 30 жылдығы аясында Қаратөбе ауданының прокуроры қызметін ұзақ жылдар абыроймен атқарған Ұлы Отан соғысының ардагері Сартай Қарақұлұлына арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өміралиев арнайы қатысты.

28A433CE-E3B3-4E2D-8DC2-B664262C630A

Кәсіби біліктілігі және қызметтегі әділеттілігімен көпшіліктің ілтипатына бөленген Сартай Қарақұлұлына арналған ескерткіш тақтаны ашу құрметіне ие болған облыс поркуроры Жандос Өміралиев пен Сартай Қарақұлұлының қарындасы Ағырыс Қарақұлова шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, халқына адал қызмет еткен тұлғаны жас ұрпаққа насихаттаудың маңызы зор екендігіне тоқталды.

Шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев заң саласында елеулі еңбек атқарған, біліктілігімен, азаматтық келбетімен ел жадында сақталған Сартай Қарақұлұлының ұрпағына амандық тілеп, шараға қатысушыларды құттықтады.

84C5926E-625A-43C2-8B8A-9BD5AE1C28DB

Өнегелі өмірімен, еңбекқорлығымен ел жадында қалған Сартай Қарақұлұлы 1924 жылы 15 сәуірде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Джержин ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Қарақұл Боранқұлов 1934 жылы дүниеден озған. Әкеден ерте айырылған Сартай Қарақұлов Ойыл ауданындағы қазақ интернат мектебінде тәрбиеленеді. Кейіннен 1942-1947 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1948 жылы Қазақ ССР-і юстиция министрлігінің Алматы қаласындағы заңгерлер дайындайтын мектептің 2 жылдық курсына түсіп, білікті заңгер мамандығын меңгеріп шығады. Сол жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының прокуратурасына стажер ретінде қызметке кіріседі. Жұмысқа қабілеттілігімен сынақтан сүрінбей өткен жас маман 1951 жылдың қаңтар айында аталмыш аудан прокуратурасы тергеушісінің міндетін атқарушы, 6 айдан кейін халық тергеушісі қызметіне тағайындалады.

5F51EC18-9594-4C18-8FDE-09644DA05FE2

Батыс Қазақстан облысы прокурорының бұйрығымен 1957 жылдың 6 тамызында Қаратөбе ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметіне кіріседі. Сартай Қарақұлұлы 1959 жылдың қараша айының 12-сі күні Қаратөбе ауданының прокуроры қызметіне тағайындалып, осы қызметті 19 жыл табанды атқарады. Аудан тарап Жымпиты ауданына қосылған жылдары Жымпиты ауданының прокуроры болған. Ресейдің Харьков қаласындағы заңгерлер білімін жетілдіру курсын аяқтайды. Қызмет атқарған кезінде бірнеше рет Қазақ ССР-і прокурорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ Сартай Қарақұлұлының құқық қорғау саласы қызметкерлері арасында беделі зор болды. Жақсының соңында  елге сіңірген елеулі еңбегі, ұмытылмайтындай ізгі ісі қалады. Мұхит Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінде білікті заңгерге арналған арнайы бұрыш жасақталған. Өмірінің соңғы кезіне дейін кәсіби қызметін іскерлікпен әділ атқарған Сартай Қарақұлұлы 1978 жылы дүниеден озды.

150128AE-BAA9-43C6-AD04-80784008E496

Қаратөбе ауданындағы жұмыс сапарында Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өміралиев Алашорда және Қайыржан Хасанов атындағы музейде болып, аудан тарихымен танысты.

Серікбай Хасанов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале