4.11.2021, 15:58
Оқылды: 46

Психологтардың пікірі тыңдалды

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудан прокуратурасының аға прокуроры Ахат Әнесовтың бастамасымен дөңгелек үстел өтті.

47

Басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық білім беру бөлімінің әлеуметтік-психологиялық қызметті үйлестіруші әдіскері Замзагүл Макишева, учаскелік полиция инспекторлар тобының жұмысын ұйымдастырушы инспектор Айбек Ғазезов, аудан орталығындағы үш мектептің психологтары қатысты. Жиында психологтардың ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмысы, нәтижесі талқыланды. Психологтар инклюзивті білім беру барысына тоқталып, өзіндік ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, ерекше балалармен мұғалімдерден бөлек отбасының да тәлім-тәрбиесі, ананың баламен қосымша жұмыстары аса маңызды.

Қ. Ғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале