17.02.2022, 23:10
Оқылды: 87

«Пятимар тоғайын алып қалуымыз керек» 

Жақында жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімдерінің округ тұрғындарымен есептік кездесуі Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округінде өтті.

IMG-20220217-WA0065

Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Қаресов, аудандық «ҚазТрансГазАймақ» директоры Ануар Ибрашев, «Қазақтелеком» филиалының директоры Сәтжан Ғабдуллин, аудандық ветеринарлық станциясының басшысы Марат Досмағамбетов, ауылдық округ депутаты Жанар Сәкенқызы және тұрғындардың әр түрлі салалар өкілдері қатысты. Есепті кездесудің күн тәртібіне қойылған бір мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Жақсылық Хайрелов Пятимар ауылындағы өткен жылғы тындырымды тірліктерді саралап, алда тұрған міндеттерді таныстырды.

- 2022 жылға атқаратын жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталайын. Ауыл халқына қолайлы тұрмыс үшін алдағы уақытта Пятимар ауылына 10 шақырымдық кірме жолды қатқыл табанды жолға айналдыру, ауыл маңындағы полигонды тазалап, ретке келтіру, ауыл орталығындағы Мәмен, Астана көшелерін ретке келтіру, меценаттардың көмегімен ауылдық мешітке мұнара салу, жылу жүйесін жүргізу мәселелері тұр. Сондай-ақ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші жобасы шеңберінде әр түрлі жылғы мектеп түлектерінің көмегімен түрлі жобаларды жүзеге асыру, Борық, Плантация елді мекендеріне көгілдір отынын әр үйге жеткізу, Борық, Плантация елді мекендеріне таза ауыз су жеткізуге ЖСҚ жасақтап, алдағы уақытта жеткізу, - деді ол. Одан әрі аудан басшысы Дархан Әмірханұлы сөз алып, статистикалық мәліметтермен уақытты созбай, ауыл тұрғындарының аудан орталығынан келген мамандарға өздерін мазалаған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін айтуға кезек берді. Ауыл тұрғыны Теміреш Макаров малдың біртіндеп көбейіп келе жатқандығын айта отырып, мал бағатын жайылым жер жоқтығын, сондай-ақ малдың қоқысын шығару үшін трактор қажеттігін ескертті. Бұған аудан әкімі Д.Әмірханұлы жауап берді.

Жаннұр Берікқызы, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале