24.09.2023, 9:09
Оқылды: 36

Пятимарда ауыл әкімін сайлау басталды

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Пятимар ауылдық округінде ауыл әкімің сайлауы өтуде. 

image-24-09-23-07-15-5

№112 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша 6:00-де ашылып, маңызды саяси шараның талапқа сай өтуі үшін бақылаушыларды тіркеп, жауапты комиссия мүшелерін жариялады. Одан әрі тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығын, оларда сайлау бюллетеньдерінің бар немесе жоқ екені тексерілді.

Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, 7:00 де заң нормалары белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беру басталып кетті. ​ Ең алғаш өз таңдауын жасаған сайлаушыға маңызды сәттен естелік сыйлық табысталды. Пятимар ауылдық округі әкімінің лауазамы үшін 3 үміткер саяси бәсекеге түсуде.​ Халқының қамын ойлайтын, қолынан іс келетін әкімді таңдау жасау үшін 565 сайлаушы мүмкіндік алған.

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале