20.04.2022, 19:15
Оқылды: 100

Рамазан айындағы рақымды іс

Таяуда Жаңақала ауданы Бірлік ауылында 1992 жылғы түлектердің ұйымдастыруымен өз орталарынан ерте кеткен құрдастары Тұрарбек Жақсыбайұлы мен Мейрамбек Шынболатұлын еске алу мақсатында қомақты қаржы шығарып, ауыл әкімімен бірлесе отырып, ауыл жастары арасында шағын футболдан ауылдық жарыс ұйымдастырды.

76CF0052-8825-437E-B921-1AC73E91D580

Алғашқы ұстаздық еңбек жолымда білім берген тұңғыш шәкірттерімнің Рамазан айында өскелең ұрпаққа үлгі болатындай ұйымшылдықпен  өткізген осы шараларына қысқаша тоқталып өз ризашылығымды білдіргім келеді.

Жарысқа 8 команда қатысты. Тұрарбек марқұмның туған жері Үшкемпір елдімекенінен жастар жағы белсене қатысса, Ақбалшық елдімекенінің жастары және мектеп оқушылары да бірегей ат салысты. Еліміздің әнұраны ойналып, марқұм болған жандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске ала отырып, ауыл әкімі қатысушыларға салтанатты түрде сәттілік тіледі. Марқұм болған балаларымыздың аналары келіп бұл шараға қатысып өздерінің шексіз ризашылықтарын білдірді. Дода қызықты тартысты өтті. Ӏ, ӀӀ, ӀӀӀ орын алған қатысушылар өздеріне тиесілі марапатқа ие болса, қалған 5 командаға және жерлестеріне ынталандыру мақсатында марқұм болған балаларымыздың  ата-аналары ақшалай сыйлық ұсынып ешкімді ескерусіз қалдырған жоқ.

Жастар біздің болашағымыз дей келе, жастар үшін үлгі болатын бастаманы қолдап отырған ауыл әкімі Ерболат Қуанышұлына  және ұйымдастырушы жастарға алғысымды айтамын.

Бақытгүл Қуанышқызы,

№3 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале