18.04.2021, 23:54
Оқылды: 53

Рахман Түркияға жолдама алды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында "Мен де жұлдыз боламын!" атты дәстүрлі республикалық байқау елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн өтті.

95266324-731A-46E8-86AF-74978093AC84

Аталмыш байқауда Сырым топырағының дарынды жас өрені, бұлдыртылық Рахман Хайрбек жүлделі ІІ орынға иелік етіп, "Түркияға 40% жолдама" алды.

- Шәкіртім небәрі 7 жаста болса да, көптің ішінен суырылып шығып, ІІ орын иегері атанды. Әрине, бұл оның алғашқы жетістігі емес. Осы уақытқа дейін "Ұлы дала ұрпағы", "Батыс жауһарлары", "Ынтымақ" секілді республикалық байқауларда жүлделі орындарды еншілеп жүрген дарынды оқушыларымның бірі, - дейді жетекшісі Мира Несіпқалиева.

6D9772F2-871A-4F1A-849A-397109D3DFE9

"Қазақ өнерінің дамуына үздік шәкірт дайындағаны үшін" Рахманның жетекшісі Мира Жүсіпқызы алғысхатпен марапатталды.

Айта кетейік, былтыр аталмыш байқаудың бас жүлдесін сырымдық Ақберен Мақсот иеленген болатын.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале