4.03.2020, 9:31
Оқылды: 118

«Рахмет саған, оқырман»

  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы «Рахмет саған, оқырман!» акциясын өткізді.

syrym (1)

Акция аясында редакция қызметкерлері «Сырым елінің» тұрақты оқырмандары мен газеттің бастамаларына қолдау көрсеткен жандарды мерекелі көктеммен құттықтап, төл басылымға деген құрметтері үшін алғыс айтты. Газетшілер оқырмандарына тәттілер мен «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетіне – 90 жыл!» атаулы қабырға күнтізбесін сыйлады.

syrym (2)

Журналистер Жымпиты ауылының тұрғыны Қанипа Айдарханованың да үйінде болды. Қанипа апайдың аудандық газеттің жазылушысы болғанына биыл 44 жыл. Күнінде «Қызыл ту», «Қайнар» газеттерін сүйіп оқыған ол – қазіргі күні «Сырым елінің» мақтан тұтар оқырманы.

 

dav

–  «Сырым елі» газетін үзбей оқимын, әр санын түгендеп, тігіп қоямын. Қазір зейнеткермін. Зейнетақы алмаған, жалақым аз болған кездері де үйдің жарығының ақшасын төлеп, ұнымды сатып алып, қалған ақшама газетке жазылып жүрдім. Халықтың сүйікті газетіне еңбек етіп жүрген редакция ұжымына мен де алғыс айтамын! – дейді Қанипа апай.

                                                                                                                                              Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале