17.05.2022, 14:30
Оқылды: 20

Референдум - үдерістің басы

Сырым ауданында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өтетін жалпыхалықтық референдумды түсіндіру штабтарының тұрғындармен кездесулері басталды.

8FC4ADD1-AE2E-48B5-BD1D-7F1B7152D621

Осы аптада қоғамдық штабтың төрағасы Сыдық Тәжмұқан және аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы штаб мүшесі Шынар Дүйсенғалиева Сарой, Жетікөл ауылдық округтеріндегі ел - жұртпен жүздесіп, ауыл халқын саяси науқанға белсенді араласуға шақырды. Өйткені "Жаңа Қазақстан" - халықтық толқыныстан, елдік ұсыныстан туған үдеріс. Ал референдум - сол үдерістің басы.

05705C4F-CA76-4507-9022-9FA314B7A7C0

Округтегі зиялы қауым өкілдері, еңбекшілер де заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың елдің игілігі үшін екендігін айтуда.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале