17.05.2022, 20:19
Оқылды: 33

Референдумды қолдауға шақырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық партиялық штабының мүшесі Мәлік Құлшар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданындағы өкілі, облыстық қоғамдық штабтың мүшесі Ғарапша Сахипов Қаратөбе ауданында болып, «АМАNAT» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын талқылау жиынына қатысты.

IMG-20220517-WA0124

Жиында партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев партия бағдарламаларының орындалуы мен алда тұрған жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен бірге аудандағы бірқатар өзекті мәселелер туралы айтты.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданындағы өкілі Ғарапша Әділұлы аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесі қызметінің аясын кеңейту туралы пікірін, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов елден шыққан белгілі тұлғалардың есімін білім мен мәдениет ошақтарына беруде кездесетін түйіткілдер туралы айтты.

Жиналыстан соң аудандық мәдениет үйінде Мәлік Иманқұлұлы мен Ғарапша Әділұлы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты аудан тұрғындарымен кездесіп, жалпыхалықтық референдум жөнінде, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ата Заңға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум – қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатырған референдум – Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін өгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз. Сондықтан баршаңызды 5 маусым күні дауыс беруге шақырамын, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы. Кездесу барысында сауал тастаған аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторы, аудандық штабтың мүшесі Серікбай Хасанов қазақ тілінің мәртебесі және әйел азаматшалардың зейнет жасын төмендету туралы ауыл тұрғындарының ұсынысын, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметов заңдағы өлім жазасын алып тастау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысына қатысты ауыл тұрғындарының өтініштерін жеткізді.

Мәлік Иманқұлұлы тұрғындар сауалдарына түсініктер берді. Кездесуден кейін халық қалаулысы М.Құлшар жеке өтініштері бойынша ауыл тұрғындарын қабылдады.

                                                                            Ерболат Райсов, 

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале