17.05.2022, 17:30
Оқылды: 84

Референдумға қатысу – баршамыздың азаматтық борышымыз

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өткізуді белгіледі. Осы орайда, бүгін Шыңғырлау ауданына іссапармен «Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Дәулетжанов келіп, аудан активіне Республикалық референдум жөнінде, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.

AB618688-5540-4B3C-9A46-97F1F2DABD1B

Кездесу барысында Амангелді Медхатұлы «Қазіргі Ата Заңымызда 98 бап болса, Референдумда соның 33 бабына түзетулер енгізілмек. Яғни Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгереді деген сөз. Конституция да заман талабына сәйкестендіріліп, өзгеріс енгізгелі тұрған әр бап – болашағымызбен тікелей байланысты. Сондықтан бұл референдумға қатысу арқылы әр қазақстандық Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қоса алады.  Республикалық референдумға қатысу – баршамыздың азаматтық борышымыз» деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар Амангелді Даулетжанов өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Атап айтқанда, Қ.Құсмағамбетов, Т.Иманғалиев,  М.Намиев, Д.Исқаирова, Р.Камзаев, Ж.Айсиев және Т.Қалиев  «Елеулі еңбегі үшін» медаліне ие болды.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале