Самбодан чемпионат өтуде
16 Қыркүйек 2021

Самбодан чемпионат өтуде

Саят – бейбіт күннің батыры
16 Қыркүйек 2021

Саят – бейбіт күннің батыры

Киберспорттан сайысқа түсті
16 Қыркүйек 2021

Киберспорттан сайысқа түсті

Мерейтой иесін құттықтады
16 Қыркүйек 2021

Мерейтой иесін құттықтады

Хан мұрасы қорғауға алынды
16 Қыркүйек 2021

Хан мұрасы қорғауға алынды

Аудан активінің жиналысы өтті
16 Қыркүйек 2021

Аудан активінің жиналысы өтті

Соңғы жаңалықтар
16 Қыркүйек
Рейд нені көрсетті?

Көктемгі-жазғы дала жұмыстары кезінде өрт және жану фактілеріне жол бермеу мақсатында аудандық төтенше жағдай бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық округтерді аралап, ауыл шаруашылығы техникаларына рейдтік тексеру жүргізді.

F683476E-6909-4936-89C7-232FC91FDA1C

Тексеру барысында тракторлардың, өздігінен жүретін машиналар мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздік талаптары, өрт сөндіргіш, күрек сынды өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы, тракторлар мен машиналардың ұшқын сөндіргіштерінің жарамдылығы және жалпы техникалық байқаудан уақтылы өтуі назарға алынды. Сонымен қатар инспекторлар шаруа қожалық иелері мен жұмысшыларға техникалық нұсқаулықтарды түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамаларды табыстады.

Ауданымызда заңды және жеке тұлғалар илегінде 732 трактор бар. Мал азығын дайындау науқанына 509 трактор қатысады деп есептелуде. Өткен рейд кезінде солардың тек 142-сі тексеріліп, тек 107-сі ғана байқаудан өтті. Ауыл шаруашылығы техникасының басым бөлігі түрлі себептермен тексеріске ұсынылмағандықтан, рейд алда да жалғаспақ.

Айта кету керек, жыл сайын аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы саласындағы объектілерде өрт орын алатыны жасырын емес. Өрт тудыратын төтенше жағдайдың алдын алудың ең қарапайым жолы – өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Бұл ережені алқапта еңбек ететін азаматтар жақсы біледі. Десе де ауыл шаруашылығы объектілері мен алқаптардағы өрттердің негізгі себептері  ашық отты пайдалану, рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегу, жабдықтың ақаулығы, зауытта жасалмаған электр жабдықтары мен жылу өндіргіш аппараттарды пайдалану, технологиялық процестің бұзылуы, жанғыш заттар мен материалдарды (оның ішінде жанғыш сұйықтықтарды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш газдарды) сақтау және пайдалану қағидаларын бұзу екенін үнемі ескеріп жүргені абзал.

Өрт анықталған жағдайда дереу «101», «112» телефондары бойынша шұғыл қызметтерге хабарлау қажет.

Асланбек Хайруллин,

Бөкей ордасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты